«Қазақ Елі» тарихи сериалының авторлары Мемлекет басшысының түзетулерін ескере отырып, сценарийдің жаңа нұсқасын құрды.
«Жобаның қойылымы қиын және оны жүзеге асыру үшін ауқымды жұмыстар атқарылмақ»,-делінген Мәдениет және спорт министрлігі таратқан ақпаратта.
Бұл тұрғыда декорациялық, павильондық, интерьерлік нысандарды жасау қарастырылған. Бұдан бұрын Мемлекет басшысы «Қазақфильм» киностудиясына барып, киностудия қызметімен, киноөндіріс үдерісімен танысты.