Сайрамбай Дөненбаев ұзақ жылдар бойы асыл тұқымды жылқыларды баптаумен айналысып келеді. баптаудан бөлек, ол оны асылдандыруды да қолға алған. Шаруашылық күніне 500 литрге жуық қымыз өндіреді. Кәсіптің нәсібін көріп отырған жан отандық өнімнің сапасын арттыруға күш салуда.
«Бүгінде жылқы саны 2500 басқа жетті. Қазақы жылқы мен Ресейдің асыл тұқымды, салмағы ауыр жылқыларын алып келіп, будандастырып отырмыз. Еті де, сүті де сапалы. Енді бір бес жыл осы бағытта жұмыс істесек, таза асыл тұқымды жылқы шығады»,-дейді кәсіпкер.
Шаруашылықтағы будан түрінің дене бітімі шымыр, кез келген ауа райына төзімді. Жайылымына қарай жем, шөп талғамайды. Оның биіктігі шамамен – 145. Ал, тұрқы – 150 сантиметрді құрайды. Салмағы шамамен – 460-470 келі тартады.
Жылқы түрі бәйгеде озбаса да, көкпарда мықтылығымен танылып үлгерген. Сонымен қатар, ол күніне 70-80 шақырымды еркін еңсере алады.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.