Байқоңырдағы 6 мектеп пен 1 балабақша Қазақстанға қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байқоңырдағы 6 мектеп пен 1 балабақша Қазақстанға қайтарылды

01.09.2015
Байқоңырдағы 6 мектеп пен 1 балабақша Қазақстанға қайтарылды

Осыған дейін аталған мектеп оқушылардың Ресейдің оқу бағдарламасымен оқытылып,  орыс тіліндегі оқулықтар қазақ тіліне аударылатын болған. Сейсенбі күні соңғы 15 жылда алғаш рет қазақ тілді мектептерде екі әнұран емес бір ғана әнұран орындалды.   

Байқоңыр қаласындағы нөмірі 272 мектептің директоры Қайни Тұрысбекова осыған дейін оқыту стандарттарының мидай араласып кетуі мектеп түлектерінің жоғары оқу орындарына түсулеріне айтарлықтай қиындықтар туғызғандығын айтады. 

«Бүгін бізде ерекше күн. Биылдан бастап біз толықтай қазақстандық білім беру жүйесіне көштік. Бұрындары біз факультатив сабақтарында еліміздің әдебиеті мен тарихын оқып, факультатив сабақтарын мақсатымен пайдалана алмайтынбыз. Егер біз Ресейдің жүйесімен білім бере бергенімізде 9-шы сынып бітіргендер емтихан таспырулары керек болатын. Мұндай сынақты жалпы мектеп бітіруші түлектердің барлығы тапрсыруы керек болатын. Бұл әрине, қиын»,-дейді мектеп директоры. 

Қазақстанға Байқоңырдағы 6 мектеп пен 1 балабақшаны беру туралы келісім 2014 жылдың 23-желтоқсанында Мәскеуде келісілген болатын, деп жазады vlast.kz.

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу