Ғалымдар: Жаяу жүру – жүгіруден пайдалы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар: Жаяу жүру – жүгіруден пайдалы

03.09.2015
Ғалымдар: Жаяу жүру – жүгіруден пайдалы

Калифорниядағы Лоуренс Беркли атындағы Ұлттық зертхана  мамандарының айтуынша,  диабет және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу үшін жүгірумен айналысу міндетті емес. Бастысы – үнемі жаяу жүру керек.


Мұндай физикалық күш холестерин деңгейін төмендетіп, қан қысымын қалпына келтіреді. Сондай-ақ, диабеттің даму қаупін азайтады.


Зерттеуге 33060 жүгірумен айналысатын және 15045 серуендеуді ұнататын адам қатысқан.


Ғалымдар 4,8 шақырымға жүгіру немесе 6,9 шақырымды  жүріп өту ағзаға бірдей әсер еткенін айтады. Алайда жүгіру - 38 минут, ал жаяу жүру - 1 сағат 15 минутқа созылған.

Хабарламаларға жазылу