Астанада тағдыр тәлкегіне түскен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған Орталықазиялық диалог өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада тағдыр тәлкегіне түскен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған Орталықазиялық диалог өтеді

03.09.2015
Астанада тағдыр тәлкегіне түскен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған Орталықазиялық диалог өтеді

Іс-шара Орталық Азияның 5 мемлекетінің өкілдерінің аталмыш мәселе бойынша пікір алмасуларына арналған пікірталас алаңы болып табылады. Тағдыр тәлкегіне түскен балалардың құқықтарын қорғау бойынша іс-қимылының алдын ала жоспарына қажетті ақыл-кеңестер дайындау мақсатында шараға Ұлыбританияның Лордтар Палатасының мүшесі Баронесса Вивьен Стерн, БҰҰ-ның Балалалар құқықтары жөніндегі комитетінің вице-президенті Рената Винтер ханым,  Норвегия Корольдігі, Чехия Республикасы, Үндістан мен  Германиядан халықаралық сарапшылар мен Орталық Азиядан ұлттық сарапшылар шақырылды. 

Диалог PRI жобасының аясында Еуропалық Одақтың және «Knowviolence» ұйымының қолдауымен ұйымдастырылуда. 

Диалог проводится в рамках проекта PRI при финансовой поддержке Европейского Союза, а также организации «Knowviolence». Жоба ұлттық құқық қорғау институттарымен бірлескен түрде жүзеге асырылуда. Іс-шараның ұйымдастырылуына ҚР Жоғары соты, Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл үлес қосуда.  

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу