Астанада елордалық тарих және мәдениет ескерткіштерді сақтау мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада елордалық тарих және мәдениет ескерткіштерді сақтау мәселесі талқыланды

03.09.2015
  Астанада елордалық тарих және мәдениет ескерткіштерді сақтау мәселесі талқыланды

Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов төрағалық ететін комиссия мүшелері тарихи-мәдени мұра нысандарының жағдайын сөз етіп, оларды сақтау мәселелерін қарастырды.

Жыл сайын қалада тарихи және мәдени нысандардың, түрлі монументтердің саны артып келеді. Бүгінгі таңда елордада 46, соның ішінде екі республикалық маңызды тарихи және мәдени ескерткіш бар.

«Тарихи және мәдени ескерткіштерді пайдалану көп жұмысты қажет етеді. Осы міндетті атқару үшін Қазіргі заманғы өнер мұражайының базасында «Ескерткіштер мен тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтауды қамтамасыз ету дирекциясы» құрылды. Оған ғылыми жұмыстардан басқа барлық шаруашылық функциялар, соның ішінде қажет болған жағдайларда реставрация да жүктелді, – деді Болат Мажағұлов комиссия отырысында сөйлеген сөзінде.

Әрине, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында тарихи ескерткіштердің жағдайына ерекше назар аудару керек. Қазірден бастап шетелдік делегациялар мен туристер үшін экскурсиялар дайындап жатқан түрлі мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінен өтінімдер түсіп жатыр.

Көптеген тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандар ондаған жылдар бойы пайдаланылып келеді, олардың бәрі де аса құнды, өйткені бұл – Қазақстанның тарихы, сондай-ақ, еліміздің өсімі мен жетістіктерінің белгісі болып табылады.

 

Хабарламаларға жазылу