Елорда маңында «Жасыл технологиялардың халық академиясы» білім беру орталығы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда маңында «Жасыл технологиялардың халық академиясы» білім беру орталығы ашылады

03.09.2015
Елорда маңында «Жасыл технологиялардың халық академиясы» білім беру орталығы ашылады

Аталмыш шара БҰҰ Даму Бағдарламасы және Халықаралық Coco-Cola  қорының гранттық қолдауымен «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» және «Ақ Бота» қоғамдық қорының бастамасымен жүзеге асырылды. 

Орталықтың негізгі мақсаты– мемлекеттегі әртүрлі санаттағы тұрғындарға «жасыл» экономика мен «жасыл» технологиялар туралы жүйелі білім беріп, энергия және су үнемдеу технологиялары тәжірибелерімен таныстыру. Осыған қарай шара барысында  энергия үнемдеу мен органикалық ауыл шаруашылыққа арналған ең тиімді технологиялармен жұмыс істеуге үйрету жұмыстары ұйымдастырылады.

Бұл технологиялардың ішінде елімізде шағын энергетика, энергия үнемдейтін жылыту мен жарықтандыру, туризм, жасыл құрылыс, қалдықтарды қайта пайдалану және басқа да бағыттар бойынша жүзеге асырылған жобалар бар.

Орталықтың ашылу күнінде әкімдіктер жанындағы аймақтық әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшылары мен аймақтық кәсіпкерлікті дамыту басқармаларының басшыларына арналған «Жасыл» кәсіпкерлікті дамыту және жергілікті қауымдастықта ресурсты үнемдеу мүмкіншіліктері»  семинар-тренингін  өткізу жоспарланып отыр.

Іс шараға ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының өкілдері, Парламент депутаттары, министрліктер мен ұйым, мекеме  басшылары,  салалық мемлекеттік емес ұйымдар мен бизнес құрылымдар мен БАҚ өкілдері қатысады, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия өкілдері.

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу