Маңғыстау облысында мұнай сервисі кластерін құру жұмыстары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында мұнай сервисі кластерін құру жұмыстары басталды

04.09.2015
Маңғыстау облысында мұнай сервисі кластерін құру жұмыстары басталды

Мәжіліске Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысып отырды.

Алик Айдарбаевтың айтуынша, 2014 жылы Маңғыстау облысын дамыту жоспары  мен Үкімет бекіткен 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастыру тұжырымдамасына сәйкес, Ақтау қаласында мұнай сервисі кластерін құру тұжырымдамасын дайындау жұмыстары басталды. 

«Әлемнің бірқатар жетекші консультативті компаниялары өкілдерінің пікірлерінше, Маңғыстау облысы Каспий өңірінде № 1  өңірлік мұнай сервисі кластерін құру үшін  барлық мүмкіндіктерге ие. Өңірдің басты басымдықтары оның географиялық орналасу аймағы мен шетелдіктер тарапынан салынған инвестициялардың молдығы және ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының көптігі болып табылады. Бұл жерде сонымен қатар, Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің базасында инженерлерді дайындауға арналған Орталық Азия үшін Инжиниринг орталығын құру жөніндегі жобаның жоба-сметалық құжаттары дайындалған.  Біз инвесторлармен  өңірде мұнай сервисі өндірістерін құру бойынша жұмыс істеуге дайынбыз»,-деді А.Айдарбаев. 

Өңір басшысы елдегі мұнай өндіру ісіне қатысып жатқан компанияларды осы жерден өздерінің филиалдары мен бірлескен кәсіпорындарын ашуды міндеттеуді ұсынды. Бұл шара жергілікті ұйымдардың өндірістерге атсалысуларына мүмкіндік жасайды.  

Мәжіліс соңында аталған жобаларды жүзеге асыру бойынша құзырлы органдармен бірлескен комиссия құру қажет деген шешім қабылданды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

             

Хабарламаларға жазылу