Астанада демалыс күндері Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада демалыс күндері Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

04.09.2015
Астанада демалыс күндері Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің  жәрмеңкесі өтеді

Алдағы демалыс күндері елорда тұрғындары мен қонақтары Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің өнімдерін сатып алу мүмкіндігіне ие болады.  Осы сенбіде Астана жәрмеңкесінде сатылымға әкелінген Жамбыл облысы өнімнің жалпы көлемі 150 тоннаны құрайды.

Айта кету керек,  қала тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін арзан бағамен сатып ала алады.  Мысалы, сарымсақтың бір киллограмы 40 теңге, картоп 55 теңге, қарбыз 25 теңге, қант - 150 теңгеден сатылады.

Келесі аптада, 12-13 қыркүйекте елордада жәрмеңкеге Жамбыл облысынан бөлек, Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының тауар өндірушілері қатысады.

Жәрмеңке "Мега" ОСО алдындағы алаңда және Тұран даңғылындағы «Астана» саябағында өтеді.

Хабарламаларға жазылу