Арнасай ауылындағы жаңашылдық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арнасай ауылындағы жаңашылдық

04.09.2015
Арнасай ауылындағы жаңашылдық

Бүгін Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Арнасай ауылында «Жасыл технологиялардың халық академиясы» білім тарату орталығы ашылды.  

Орталық ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы Ақмола облысы, Аршалы ауданының әкімдігі, «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы», «Ақбота» Қоғамдық ұйымы және Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірігіп ашылып отыр.

Негізгі мақсат – мемлекеттегі әртүрлі санаттағы тұрғындарға «жасыл» экономика мен «жасыл» технологиялар туралы жүйелі білім беріп, энергия және су үнемдеу технологиялары мен тәжірибелерімен таныстыру.

Көрсету объектісінде энергия үнемдеу мен ауыл шаруашылыққа арналған органикалық ең тиімді технологияларға үйрету ұйымдастырылды. Бұл технологиялардың ішінде елімізде шағын энергетика, энергия үнемдейтін жылыту мен жарықтандыру, туризм, «жасыл» құрылыс, қалдықтарды қайта пайдалану және басқа да бағыттар бойынша жүзеге асырылған жобалар бар.

Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясының өкілдері, Қазақстан Республикасынң Парламентінің депутаттары, энергетика, білім және ғылым, ауыл шаруашылық, инвестиция және даму Министрліктерінің басшылары, Ақмола облысының әкімдігі, даму институттарының басшылары, бюджет ұйымдарының, салалық мемлекеттік емес ұйымдар және бизнес құрылымдарының өкілдері, БАҚ және т.б. қатысты.

Ауданы 1050 шаршы метр орталықта оқыту бөлмесі, 30 орынға арналған қонақүй, асхана, фитодиодты жылыжай және күн биовегераийі (жылыжайдың жаңа түрі) орналасқан.

Бүгінде орталықта 15 инновациялық жасыл технологиялармен жарақтандырылған пиролиз пеші, Күннен қуат алатын батареялар мен коллекторлар, жарықдиодты және фитодиодты жарықтандыру, энергия үнемдейтін сорғылар және т.б. бар.

Ресейлік «Грин Пик» компаниясының жобасымен салынған  биовегераий-жылыжай жыл бойы жұмыс істейді.  Сонымен қатар, жертөледе өсімдіктің тез өсуіне ықпат ететін және тамшылатып суару  жүйесімен қамтамасыз етілген фитодиод жылыжайда АҚШ технологиясы бойынша арнайы дәрумендерге толы өсімдіктерді өсіру жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ, орталықтағы ұзақ мерзімге арналған концентратты «KunTech» коллекторы 120 градусқа дейін ыстық су мен бу бере алады. Тағы бір жаңашылдық – «Astana Solar» зауыты жасап шығарған күн тарту құдығы, күн фотопанелі, жылытуға арналған су жылытатын түтінсіз пиролизқазаны орналастырылған. Органикалық қалдықтарды қайта өңдейтін отандық биогаз қондырғысы, жылу сорғышы арқылы алынатын жерасты жылу аккумуляторы монтаждалуда.

Орталыққа ең үздік технологиялар таңдалып қойылғандықтан, EXPO-2017 көрмесіне келетін қонақтарға арналған көрсетілім алаңына айналады.

Хабарламаларға жазылу