«Сенбілік таң» - Нүркен Өтеуіловтің шаңырағында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік таң» - Нүркен Өтеуіловтің шаңырағында

05.09.2015
«Сенбілік таң» - Нүркен Өтеуіловтің шаңырағында

Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры актері Нүркен Өтеуілов  1976 жылы 14 маусымда Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Шошанай ауылында дүниеге келген.

1998 жылы Т.Жүргенов атындағы Алматы Мемлекеттік театр және кино институтының актерлік факультетін тәмамдаған. Кезінде «Бәйтерек» тобының әншісі ретінде де халыққа танылған актер театр өнеріне ғашық жан.

Ол «Малиновкадағы той» (Қария), «Эй, молодожены!» (Қасым), «Қанды азу» (Бораш), «Қара Қыпшақ Қобланды» (Қараман), «Ана - Жер- Ана» (Бекташ), «Скапеннің айласы» (Скапен), «Үміт» (Замир), «Ромео мен Джульетта» (Бенволио), «Қымбатты Памела» (Сол Бозо), «Ғасырдан да ұзақ күн» (Әбутәліп), «Еңлік - Кебек» (Көбей), «Қан мен тер» (Еламан), «Абай» (Абай) және т.б. спектакльдерде ойнаған.

Нүркен Өтеуіловтің отбасымен сұхбатты бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:00-де көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу