Александр Меркель Исландияға қарсы Ұлттық құрама сапында алғашқы ойынын өткізуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Александр Меркель Исландияға қарсы Ұлттық құрама сапында алғашқы ойынын өткізуі мүмкін

07.09.2015
Александр Меркель Исландияға қарсы Ұлттық құрама сапында алғашқы ойынын өткізуі мүмкін

Италиялық «Удинезе» клубының жартылай қорғаушысы Александр Меркель бүгін Қазақстан Ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы ойынын өткізуі мүмкін. Бұл туралы ҚФФ-ның баспасөз хатшысы хабарлады.

«ФИФА-дан Александр Меркельдің кажет құжаттары жеттi. А.Меркельдiң Қазақстан Ұлттық Құрамасы сапында аланға шығуына рұксат берiлдi» делінген хабарламады. Сондай-ақ, Александр Меркель Ұлттық құрамамен бірге жаттығу өткізгенін бұған дейін бас бапкер Юрия Красножан мәлімдеген.

«ФИФА маған Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында ойнауға рұқсат бергеніне қуаныштымын. Қажетті құжаттардың бәрі келді. Бұл сәтті мен бірнеше ай асыға күттім. Енді, Исландияға қарсы алаңға шығуға дайынмын», - дейді Александр Меркель.

Айта кетейік, Қазақстандық футболшылдар бүгін сары жейдемен алаңға шықса, Исландия құрамасы дәстүрлі көк жейдемен шықпақ.

Ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бүгін Астана уақытымен сағат 00:30-да тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу