Исландия-Қазақстан матчы 0:0 есебімен тең аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Исландия-Қазақстан матчы 0:0 есебімен тең аяқталды

07.09.2015
Исландия-Қазақстан матчы 0:0 есебімен тең аяқталды

Ойынның бірінші таймында екі құрама да алма-кезек шабуылдағанымен қақпаға гол соғылмады.

2-таймның алғашқы 10 минутында исландиялық футболшылар басымдықты қолдарына алып, гол соғуға тырысқанымен Стас Покатиловтың қақпасына саңылау таба алмады.

Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында алғашқы ойынын өткізген Александр Меркель 48-минутта гол салатын мүмкіндікті пайдалана алмады. Ойын соңына дейін екі құрамада гол салуға бірнеше мүмкіндік болғанымен, шабуылдарды бірде қақпашылар қайтарса, бірде нәтижесіз аяқталып жатты.

Осылайша кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды.

Еске сала кетейік, Астанада өткен алғашқы ойында исландиялықтар 0:3 есебімен ұтқан еді.

Хабарламаларға жазылу