«Биылғы жыл білім саласы үшін ерекше болғалы тұр. Елбасы белгілеп берген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес,«Біздің ел. Біздің халық. Біздің болашақ» деген ұранмен бірқатар жұмыстар атқарылмақ», дейді Меруерт Әбуова.
Астанада жаңа оқу жылы бойынша 81 мектеп жұмысын бастады. Оның 65 пайызы - қазақ тіліндегі, 45 пайызы аралас мектептер.
Сондай-ақ, оқу бағдарламасының стандарттарына біршама өзгерістер енгізілді.
«Қоғам баланың білім мен тәрбиесін дұрыс жолға қоюымыз үшін көп мүмкіндік беріп отыр. Елордадағы мектепке дейінгі мекемелер саны бүгінгі күні 81-ге жетті. Оның 11-і - жекеменшік. Дегенмен, балабақша кезегінде тұрғандар өте көп. Қазіргі уақытта осы тығырықтан шығудың жолдарын қарастырып жатырмыз», дейді М.Әбуова.
Толығырақ «Таңшолпанда».