Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында әнші Алмас Кішкенбаев қонақ болып, соңғы жазып жатқан әндері мен жоспардағы жаңа бейнебаяндары туралы айтты.
«Бейнебаянға ән таңдауда өте қаталмын. Сол себепті бейнебаян түсірілмей жүрген еді. Бүгінде бейнебаян түсірілетін ән табылды. Күзде жарыққа шығады», - деді әнші.
Сондай-ақ, ол жеке өміріндегі жаңалықтарымен де бөлісті.
«Екінші рет әке атандым. Негізі, Зере кішкентай нәрестені қалай қарсы алады екен деп уайымдадық. Қазір сіңілісін ешкімге ұстатпайды. Қызымыздың есімін атасы мен әжесі Кәлима деп қойды», - дейді Алмас Кішкенбаев.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.