Елімізде шығыс жекпе-жегінің түрлері жаңаша қырымен дамуда. Жапондардың «каратэ - спорт емес, өмір жолы» деген сөзі бар. Спорттың бұл түрімен шұғылданатындар семіздік, жүрек ауруы, күйзеліс сияқты түрлі дерттерден аулақ болады.
Каратэдегі тамешивари - тақтай, мұз және өзге де қатты заттарды сындыру әдісі. Ол спортшылардың өз-өзіне сенімділіктерін арттырып, қандай жағдай болмасын, тепе-теңдікті сақтауға үйрететін әдіс.
Қатты заттарды шынтақпен, білекпен, қолдың ұшымен, қырымен, сондай-ақ, түрлі қашықтықта, биіктікте сындыру - тамешивари әдісінің тармақтары саналады.
Әр спортшы каратэнің жоғарғы сатысына өту үшін осы әдіс бойынша сынақтан өтеді. Ал, каратэмен жаңадан шұғылданушылар үшін бұл әдісті байқап көрудің өзі - қауіпті.
Толығырақ «Таңшолпаннан» біліңіз.