Ауыр атлетикадан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар 5-ші медаль ұтып алды. 69 келі салмақта сынға түскен Майра Файзуллаева қоссайыс нәтижесі бойынша 223 (125+101) келі көтеріп, қола жүлде иеленді.
Ал, 247 (107+140) келі көтерген қытайлық Кси Хонгли құрлықтық сайыстың жеңімпазы атанды. Солтүстік Корея спортшысы Паек Ун Ксуе жұлқа мен серпе көтеруде 241 (106+135) келі еңсеріп, қола жүлдеге қол жеткізді.
Осылайша Майра Файзуллаева Азия чемпионатында «қола» жеңіп алған үшінші қазақстандық спортшы. Оған дейін Әсем Садықова мен Фаина Сиванбаева 3-ші орын алған. Ал, Айдар Қазов пен Ермек Өміртай Азия чемпионы атанды