Камал Ормантаев 56 жылда 14 мыңдай балаға операция жасаған (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Камал Ормантаев 56 жылда 14 мыңдай балаға операция жасаған (ВИДЕО)

11.09.2015
Камал Ормантаев 56 жылда 14 мыңдай балаға операция жасаған (ВИДЕО)

Бүгін, 11 қыркүйек - медицина ғылымдарының докторы, «Алтын адам» атанған балалар хирургі Камал Ормантаев 79 жасқа толды.

Камал Ормантаев медицинадағы 56 жыл ғұмырында 14 мыңдай балаға операция жасаған. Ақсақалды әлі де ұрпақ денсаулығы мен ұлт болашағы толғандырады.

«Қазіргі кезде жасөспірімдердің 40 пайызы денсаулығына байланысты әскерге жарамсыз. Мұның барлығы жастайынан дұрыс ем қабылдамаудың салдары. Бұл - мемлекеттік мәселе», дейді академик.

Камал Ормантаев - қазақ халқының көбеюіне де айтарлықтай үлес қосқан ғалым. Сондай-ақ, ізбасарларын тәрбиелеп, мектебін қалыптастырды. Педиатрия және балалар хирургиясы саласынан 130 медицина кандидаты мен докторын даярлап шығарды.

Көрген-түйгені мол абзал жан «бар байлығым мыңдаған баланы аман алып қалуымда», деп санайды. Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіздер. ​ 

Хабарламаларға жазылу