Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов 1972 жылы туған. Еңбек жолын Ақтөбе қаласының коммерциялық құрылымдарынан бастап, Ақтөбе облысының сыртқы-экономикалық байланыс және инвестициялар басқармасының бастығы, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының директоры, Ақтөбе әкімінің орынбасары, әкімі қызметтерін атқарды.
2011 жылғы 22 шілдесінен бастап, Ақтөбе облысының әкімі қызметін атқарған.