Жапонияның Дзесо қаласында 11-дан астам үй су астында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияның Дзесо қаласында 11-дан астам үй су астында қалды

13.09.2015
Жапонияның Дзесо қаласында 11-дан астам үй су астында қалды

Бұл туралы NHK телеарнасы хабарлайды.

«Өткен бейсенбіде жаңбырдың мол түсуінің салдарынан болған су тасқынының нәтижесінде Ибараки префектурасында Кинугава дамбасы жарылып, су Дзесо қаласында ағылды. Осы оқиғаның салдарынан 11 үй су астында қалып,  32 шаршы километр аймақты су басқан деген мәліметтер келтірілуде. Жұма күні атомосфера солтүстікке қарата бет алып, Мияги префектурасында жауыннның молынан түсуіне себепші болды. Бұл жерде де дамба бұзылып, Осаки қаласын су басты. Қазіргі таңда құтқару жұмыстары жүргізілуде»,-делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Жапониядағы су тасқыны ауа райының бұзылып, ұзақ уақыт жауған жаңбырдың салдарынан пайда болып, «Этау» мен «Кило» тайфундарының пайда болуына себепші болды.  

  

Хабарламаларға жазылу