Шеруге қатысушылардың пікірлерінше, билік еуроықпалдастық идеясын талапқа сай атқара алмай отыр, деп хабарлайды Риа Новости агенттігі.
Кишиневте жексенбі күні DA азаматтық алаңының бастауымен үкіметке қарсы манифестациялар басталды. Олар Молдова басшылығын түгелдей отставкаға кетуін талап етіп отыр. Наразылық шарасына қатысушылардың пікірлерінше, билік олардың отставкаға және елде реформалар жүргізу жөніндегі талап-тілектеріне құлақ аспай отыр,
«DA ұйымы еуропалық ықпалдастықты жүзеге асырушыларды ауыстырғылары келеді. Өйткені, олар өз істерін талапқа сай атқара алмады, халық оларға енді сенбейді» -деді DA алаңының белсенділерінің бірі, саясаттанушы Игорь Боцан.
Молдовадағы наразылық шаралары өткен аптада басталған, Кишинев орталығында күнде түрлі шерулер ұйымдастырылып, үкімет ғимаратының алдында палаткадан қалашық қалыптасты және олардың саны 300-ден асады.
Наразылық білдірушілер ел Президенті мен Бас прокурорды, Ұлттық банк төрағасын қоса алғанда бүкіл билік өкілдерінің отставкаға кетуін талап етіп отыр. Сонымен қатар, олар кезектен тыс Парламент сайлауын өткізіп, Мемлекет басшысын сайлау керек деп есептейді.