Бұлан – Қазақстанды мекендейтін тұяқты жануарлардың ең ірісі. Тұрқы – 2 метрге, салмағы – 600 келіге дейін жетеді. Түсі көбіне қоңырқай болады. Еліміздің шекаралас аумақтарында, Жайық өзені аңғарында, солтүстік орманында, Ертіс бойы мен Алтай тоғайында кездеседі.
Аталығының аспанға қарай тарамдалып тұратын жуан мүйізі бар. Жазда шөппен, қыста бұтақпен, ағаш қабығымен қоректенеді. Халықаралық Қызыл кітапқа енгенімен, нақты саны белгісіз.
«Әр маусым кезінде санақ жұмыстарын жүргізіп, көктемде, қыста қандай болатынын айту керек. Бұл – белгілі бір ғылыми жұмыстарды, санақ жұмыстарын жүргізуді талап ететін сала. Бір айтатыным – бұландардың саны аса көп емес. Себебі, бұрындары әр облыста 30 бастан болса, бүгінде ол азайып кеткен»,-дейді биология ғылымдарының кандидаты Бірлікбай Есжан.
Бұланның мүйізі – өте бағалы. Шипалық қасиеті бар. Сүті құнарлы, еті мен терісі де кәдеге жарайды. Ғалымдар біраз жылдан бері бұланды шаруашылыққа пайдалану мәселесін көтеріп келеді. Өйткені, бұғы сияқты бұланның да қолға үйренетіні тәжірибе жүзінде дәлелденген.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.