Мемлекет басшысы Душанбе қаласына келді. Сапар барысында Тәжікстан Президенті Э.Рахмонмен кездесу және бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою, сондай-ақ, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясына қатысу жоспарланған, деп хабарлайды ҚР Президентінің ресми сайты.