Елорда әкімі азаматтардың әрбір өтініш-шағымы бойынша есеп беруді талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда әкімі азаматтардың әрбір өтініш-шағымы бойынша есеп беруді талап етті

14.09.2015
Елорда әкімі азаматтардың әрбір өтініш-шағымы бойынша есеп беруді талап етті

Атап айтқанда, елордалық сауда орындарындағы қалыптасқан жағдай, «AstanaBike» жобасының жүзеге асырылуы, тұрғындардың өтініштері мен шағымдарына жедел жауап беру мәселелері сөз болды.

Әділбек Жақсыбеков қала тұрғындарынан келіп түскен өтініш-тілектер мен шағымдарға айрықша талдау жүргізу керек екендігін атап өтті.

Ағымдағы жылдың 18 ақпанында өткен әкімнің халыққа есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша 186 ауызша және жазбаша өтініш түскен. Соның ішінде 38 орындалу уақыты 2017 жылға дейін, 62 толық шешілген, 86 өтінішке түсіндірме берілді.

Елорда әкімі сондай-ақ, кезекті есеп беру кездесуіне қазірден бастап дайындалу керектігін айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу