Актер Болат Ыбыраевтың тағылымды өмір жолы мен тәжірибесі бүгінгі жас буынға үлгі.
«Біз де бала кезімізде актер болсақ, деп армандап келдік театрға. Сонда бізге аға буын «балалар ойланыңдар, өнер жолы – қиын. Ащысы да, тұщысы да болады»,-дейтін. Бірақ, жассың, оған мән бермейсің. Кейін келе өнердің асқан жауапкершілікті талап ететінін түсіндік»,-дейді актер.
Болат Ыбыраев Қарағандының тумасы. Актердың алғашқы еңбек жолы да кеншілер қаласында басталды.
«Болат – ірі актерлердің бірі. 1970 жылдардан бастап 1990 жылдарға дейін Қарағанды театрында жұмыс істеген. Оның сол театрда ізі қалды. Ірі қойылымдарда Болаттың жолы бар»,-дейді С.Сейфуллин атындағы драма театрдың директоры Сансызбай Бекболат.
Актердің еңбегі де елеусіз қалмады. 2002 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталса, 2013 жылы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері атағын иеленді.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.