Қазақстанда автобус парктерін жаңғырту үшін қажетті шартар қарастырылуда.
2015 жылдың соңына дейін отандық тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау мен тариф қалыптастыру тәртібі жетілдірілетін болады.
Сонымен қатар, әбден ескірген автобустардың үлесін 75-тен 70 пайызға дейін азайту көзделіп отыр.
«Инвестициялар және даму министрлігінің хабарлауынша, елімізде автобус парктерін жаңартуға үлкен мүмкіндіктер жасалып отыр. Бұл ретте заң тұрғысынан нақты талаптар қойылған, егер олар сақталатын болса, қажетті бағыттар бойынша қызметтерді атқару туралы келісім ешқандай конкурссыз-ақ 10 жылға ұзартылады», -делінген министрлік таратқан хабарламада.
2014 жылы елімізде барлығы 740 автобус сатып алынған.