Қазақ хандығының 550 жылдығына түрлі сала өкілдері ел болып үлес қосуда. Соның бірі 9 жастағы Әмір мерейтойға орай отжимание жасаудан жаңа рекорд орнатты. «Қабылхан атамдай болғым келеді»,-дейтін Әмір 550 рет кеудесін жерден көтерген.
Әмір Әнуарұлы бір жылдай акробатикамен айналысқан. Әкесінің айтуынша, оның мұндай жаттығумен айналыса бастағанына жарты жылдай уақыт болған. Алғашында бірден 250 рет жасаған екен. Баласының спортқа деген бейімін байқаған әкесі қазір жаттығуын үзбейміз дейді.
«Бір жылда осындай жетістікке жетіп отырмыз. Алда әлі талай рекорд жасайтын боламыз»,-дейді әкесі.
Әмір Қазақстанның рекордтар кітабына осымен екінші рет еніп отыр. Алғашында ол «Street Workout» бойынша Ақмола облысында өткен чемпионатта 30 секунд ішінде 50 рет кеудесін жерден көтеру әдісін жасаған екен.
Толығырақ «Таңшолпанда».