Тепловоз «Поти-Тбилиси» бағытында жылжып бара жатқан пойызға соғысып, 4 адам жарақат алды, деп жазады news.day.az.
«Грузия темір жолдары» акционерлік қоғамының өкілдері оқиғаның орын алуына темір жолдағы қозғалыс ережесін бұзған жеке меншік компания тепловозын кінәлап отыр.
«Қазіргі таңда темір жол саласының құзырлы органдары болған оқиғаны зерделеуде», делінген Грузия темір жолдары қызметінің ақпараттарында.