Елде аутизмге шалдыққан балалар саны артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде аутизмге шалдыққан балалар саны артып келеді

16.09.2015
Елде аутизмге шалдыққан балалар саны артып келеді

Бұны Қазақстан Республикасы ұлттық-тәжірибелік түзету орталығының мəліметтері де растады. Орталықтың деректері бойынша 2003 жылы елімізде аутизммен науқастанған балалар саны 77 болса, 2014 жылы олардың саны 1 мың 456-ға жеткен.

Денсаулық сақтау саласының мамандары болса, елімізде жыл сайын аутизммен науқас деген  100 баланың анықталатындығын айтады. Алайда, тексеру барысында олардың барлығының диагнозы растала бермейді.

Ал, бүгінгі орталықтың ашылуы тап осы мәселені шешуге үлкен ұйытқы болады деген пікірде мамандар. Өйткені онда балалардың жетілуін қадағалдайтын барлық сала мамандары бар.  

 

Хабарламаларға жазылу