Каспидегі Құрық портына жүк тасымалдайтын Боржақты – Ерсай темір жолы уақытша пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспидегі Құрық портына жүк тасымалдайтын Боржақты – Ерсай темір жолы уақытша пайдалануға берілді

16.09.2015
Каспидегі Құрық портына жүк тасымалдайтын Боржақты – Ерсай темір жолы уақытша пайдалануға берілді

«Бүгінгі күнге дейін топырақ төселіп, су құбырларын құрастыру жұмыстары толық аяқталды. 22 шақырым рельс-шпал төселді, оның ішінде 16.6 шақырым негізгі жол шағыл тас төселді»,- дейді «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Темір жол желілері құрылысы жөніндегі дирекция» филиалы бас менеджері Ашубай Барбосынов.

Электрмен жабдықтау ВЛ-10 кВ  желісі құрылысы барысында 800-ден астам таған орнатылып, 22 шақырым аспа сымдары мен ВЛ-110 кВ желілерінде қайта құрылғылау, электр орталықтарының модульдік посты жөнделді. Белгі беру және байланыс қондырғылары іске қосылып, станцияларда жол жәшігі, электр жетегі, байланыс сымдары орнатылды.

Өндірістік нысандар салынып бітті. Алдағы уақытта теміржолшыларға арналған тұрғын үй пайдалануға беріледі.

 

Хабарламаларға жазылу