Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен талаптарға сәйкес Астана қаласында малды арнайы сатылатын және құрбандық шалынатын жерлер белгіленді: «Қарағанды–Астана» тасжолының бойындағы «Метро» СО, «Нұрбереке 555» ЖШС, Алаш тас жолы, 30 («Көк базар» нарығының артында); «Шаушен» шаруа қожалығы, «Астана - Софиевка» тасжолы, 9 км; «Мақсат 2010» ЖШС, Теміржолшы тұрғын алабы, Ақжар к-сі, 20.
Айта кетейік, биыл Құрбан айт мерекесі 24-26 қыркүйек күндері атап өтіледі. Қазақстан Републикасы Еңбек Кодексінің 96-бабы 4-тармағына сәйкес Құрбан айт мейрамының бірінші күні демалыс күні болып саналады.