Қытайдан Еуропаға жүк жеткізу мерзімі 40 тәуліктен 14 тәулікке дейін қасқаратын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайдан Еуропаға жүк жеткізу мерзімі 40 тәуліктен 14 тәулікке дейін қасқаратын болды

17.09.2015
Қытайдан Еуропаға жүк жеткізу мерзімі 40 тәуліктен 14 тәулікке дейін қасқаратын болды

Құрылысы жүріп жатқан Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомобиль жолының негізінде, сондай-ақ Алматы облысында «Қорғас» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы мен арнайы экономикалық аймақтың арқасында ежелгі «Жібек жолын» жаңғырту жоспары бар.

Ол Қытайдан Еуропаға тасымалданатын жүк мерзімін 40 тәуліктен 14 тәулікке дейін қысқартуға мүмкіндік береді..

Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиевтың пайымдауынша Алматы облысының логистикалық кешенінде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» Халықаралық көлік дәлізін құру жұмыстары жалғасуда.  

Бүгіннің өзінде Алматы облысында «Қорғас» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы қызмет етуде.

«Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында «Құрғақ портының» құрылысы аяқталу үстінде. Мұнда 100-ден астам жобаны жүзеге асыру арқылы 31 мың жұмыс орнын ашу жоспарда бар.

 

Хабарламаларға жазылу