Суретші Кәміл Муллашевтың шығармашылығы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Суретші Кәміл Муллашевтың шығармашылығы

18.09.2015
Суретші Кәміл Муллашевтың шығармашылығы

Саналы ғұмырында сан соқпаққа жолығып,  қиын күндерді өткерсе де, арманынан қол үзбей әрдайым  алға қарай ұмтылатын, өмірін өнер деп білетін, жаратылысы ерекше жандар болады. Солардың бірі – бүгінде әлем таныған суретші  Кәміл Муллашев.

Суретшінің отбасында дүниеге келген ол 1964 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1972 жылы Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік институтын бітіреді. Талабы таудай жас табиғаттың әрбір жаратылысына үңіліп, таңдай қағады. Осы таңданысының барлығы кейін қылқаламынан сурет болып төгіледі.

«Бізге көп сөздің керегі жоқ. Біз бір қарап қана түсініп отырамыз. Тарихты да, менталитетті де,  адам табиғатын, жүрек сезімін көркем сурет арқылы жеткізуге болады»,-дейді суретші.

Суретшінің тағы бір ерлігі сонау 1984-1987 жылдары КСРО Суретшілер одағының бастамасымен және өзінің тікелей сұрануымен қырғын соғыс жүріп жатқан Сирия, Ауғанстан елдеріне барады. Ондағы мақсаты – соғыс зардабын өз көзімен көру.

Қираған үйлер, жылаған аналар. Осының бәріне Кәміл Муллашев суреткерлік көзқарасымен қарай білді.

«Үш ай бойы мен ауғандардың арасында жүрдім. Бірақ, сурет салғаныңды көрсе, олар жақтырмайды. Үш рет өлім аузынан қалдым. Кейін Мәскеуде өткен көрмеде суреттеріме халық таң қалды»,-дейді өзі.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу