Қарағанды облысында мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқандар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқандар марапатталды

18.09.2015
Қарағанды облысында мемлекеттік  тілді дамытуға үлес қосқандар марапатталды

«Мемлекет басшысы «Қазақстан - 2050» Стратегиясында 2025 жылы қазақстандықтардың 95 пайызы мемлекеттік тілді игеруі тиіс деген міндет қойды. Осы міндетті іске асыру, бірінші кезекте, біздің мемлекеттік қызметшілердің, олардың құзыреттілігі мен тілге қаншалықты жанашырлық танытатынына байланысты», - деді облыс әкімі Н. Әбдібеков байқау қатысушыларына сөйлеген кіріспе сөзінде.


Ол өңірде Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқандар үшін сыйлық беру дәстүрге айналғанын атап өтті. Байқауға мемлекеттік қызметшілер, қоғам қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдары, білім саласының өкілдері және т.б. қатысады.


Биыл «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» номинациясын заңгер Наталья Тернова жеңіп алды. Ол ҚарМУ-де студенттерге, сондай-ақ Өңірлік даярлау және біліктілікті арттыру орталығында мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілінде дәріс оқиды.


Марапатттан журналистер де құр қалмады. «Тіл жаршысы» аталымын сәтпаевтық «Шарайна» газетінен Бағдат Қазкенов пен журналистика ардагері Нәзипа Асқар марапатталды.

«Үздік телехабар» аталымында екі жеңімпаз - жергілікті телекомпания қызметкерлері Әсел Сәбитова мен Александр Крылов жеңімпаз атанды.


«Тіл майталманы» аталымында байқау лауреаты және 500 мың теңгелік сыйлықты журналист Сағат Батырханова иеленді. Ол республикалық деңгейде алғашқылардың бірі болып қазақ тілінде балабақша, мектептер ашу мәселесін көтерді. «Хабар» агенттігінің «Тіл» тележобасының жүргізушісі болған, «Азаттық» радиосында еңбек еткен.

 

Хабарламаларға жазылу