Солтүстік Қазақстан обылысында XVII облыстық тілдер фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан обылысында XVII облыстық тілдер фестивалі өтті

18.09.2015
Солтүстік Қазақстан обылысында XVII облыстық тілдер фестивалі  өтті

Фестиваль этномәдени бірлестіктер ұйымдастырған тақырыптық көрмеден және қызылды-жасылды киім киген бишілердің қойылымы мен концертпен басталды.

Мерекеге қатысушыларды Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов құттықтады. Өңір башысы бүгінде елімізде мемлекет тарапынан барлық этностардың тілдерін оқып, үйренуге барлық мүмкіндіктер жасалғандығын атап өтті.  Ол сонымен қатар, барлық қазақстандықтарды біріктіретін мемлекеттік тілдің маңызы туралы айтты.  

«Әрбір ұлттың ана тілі сөзсіз оның баға жетпес құндылығы. Әрбір буынның парызы өзінің ана тілінің құндылықтарын тек сақтап қана қоймай, өзге ұрпаққа жеткізу болып табылады. Яғни тіл халықтың рухани дүниесін ұрпақтақ ұрпаққа жеткізетін игі құрал», -деді облыс әкімі.

Ол тілдерді дамытуға үлес қосқаны үшін 6 Солтүстік Қазақстан облысының өкіліне Құрмет грамотасын тапсырды, тағы 8 адам облыс әкімінің Алғыс хатын алды. 

Осы күні XVII тілдер фестивалінің аталымдарының жеңімпаздары марапатталды. Олар Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің дипломдарын алды.

Фестивальға қатысушыларға өзінің ізгі тілектерін Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған  «Ұлы дала Елi» республикалық тарихи-мәдени  экспедициясына қатысушылар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі, жазушы, аудармашы Ғосман Төлеуғұл де жеткізді.

 

 

Хабарламаларға жазылу