Климатологтар алдағы жылдардағы күн райының құбылуына қатысты болжам жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Климатологтар алдағы жылдардағы күн райының құбылуына қатысты болжам жасады

19.09.2015
Климатологтар алдағы жылдардағы күн райының құбылуына қатысты болжам жасады

Алдағы екі жылда әлемде ғаламдық жылыну процесі жүреді. Британиялық метеобюро осындай  тұжырымға келді.

Олар қатты ыстық түседі, алайда қыс жылы болмайды деген болжам жасады.

Мысалы, Ұлыбританияда рекордтық деңгейдегі қарлы боран соғады. Европаның солтүстігінде жаз бұрынғыға қарағанда салқындайды. Ал, солтүстік және оңтүстік Америкада жаңбыр көп түседі, деп күтілуде.

Сондай-ақ, британиялық метеорологтар Жер шарының тұрғындары бірнеше жыл ыстыққа төзу керектігін айтуда. Рекордтық деңгейдегі аптап ыстықтан, бірінші кезекте, Азия және Австралия зардап шегеді.

 

 

Интернет материалдары негізінде әзірленді

Хабарламаларға жазылу