Сәбидің өз әлемі бар. Олар өтірік айту, қулаққа басу дегенді білмейді. Ересектерге қарағанда, ойындағысын бүкпесіз айтады.
Олар үшін бәрі қызық. Қоршаған ортаның әрбір жаратылысына қызыға қарайды. Оны өздігінше зерттеп-білуге тырысады.
Алмас Кішкенбаев әр жексенбі сайын студияның кішкентай қонақтарымен бетпе-бет кездеседі. Түрлі сұрақтар қойып, пікір алмасады.
Бүлдіршіндердің шынайы сұхбатын бүгін Ұлттық арнадан сағат 11:05-те көріңіз.