Ғалымдар атмосфераның ластануынан болатын мезгілсіз өлімнің себептерін анықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар атмосфераның ластануынан болатын мезгілсіз өлімнің себептерін анықтады

20.09.2015
Ғалымдар атмосфераның  ластануынан болатын мезгілсіз өлімнің себептерін анықтады

Ғалымдардың айтуынша, ауаның ластануы әлем бойынша  үш миллион адамның мезгілсіз мерт болуына алып келеді. Оған басты себеп – озон және  қауіпті аурулармен байланысты  заттар, деп жазады Nature.

Йос Леливелд (Jos Lelieveld) әріптестерімен бірге әлемдегі тұрғылықты халықтың денсаулығы және өлім-жітім статистикасы бойынша  атмосфераның химиялық құрамының  мәліметтерін салыстырған. Нәтижесінде, мезгілсіз өлімге тұрмыстық қалдықтар себеп болатыны анықталған. Бұл көрсеткіш әсіресе, Үндістан және Қытайда артып тұр.

АҚШ-тың кейбір аймақтарында және өзге де дамыған елдерде автотранспорт және электростанциялардың әсері жоғары. Ал, Құрама Штаттардың шығысында, Еуропа елдері мен Ресейде ауаны ауыл шаруашылығы саласы ластайды.

Ғалымдардың есептеуінше, атмосфераның ластануынан болатын мезгілсіз өлім көрсеткіші 2050 жылға қарай еселене түспек. Яғни, 6 миллионға жетеді.

Алайда, жағымды жақтары да бар. Nature Geoscience журналындағы мақала авторы  Бразилия аймағындағы өрттің, ормандардың шабылуының азаюының арқасында  400-ден 1700-ге дейінгі мезгілсіз өлімнің алдын алған.  Елдегі орман заң реформасы ауадағы зиянды заттардың концентрациясын 30 пайызға төмендетуге септігін тигізген.

Хабарламаларға жазылу