Жұмыртқа қабығының пайдасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмыртқа қабығының пайдасы

20.09.2015
Жұмыртқа қабығының пайдасы

Жұмыртқаның қабығы, негізінен,  кальций, фосфор, темір, калий, магний және кремнийден тұрады. Канада, АҚШ және Венгрия ғалымдары жүргізген зерттеуде жұмыртқа қабығының құрамы адамның тісі мен сүйегіне қатты ұқсайтыны дәлелденген.

Жұмыртқа қабығының ұнтағын жүкті әйелдер, балалар және ересектер кальция жетіспеген жағдайда  қолданады.

Мұндай ұнтақты үнемі қолданған жағдайда:

  • қан қысымы мен жүрек қағысының жұмысы жақсарады;
  • зиянды холестерин деңгейі азаяды;
  • зат алмасу процесі қалпына келеді;
  • қалқанша безі ауруларының алды алынады;
  • гастрит жазылады;
  • қан тазарады;
  • балалардағы рахит пен анемияның алды алынады;
  • аллергия емделеді;
  • шаш пен тырнақ қатаяды;
  • безеу шықпайды;
  • жүйке жүйенің қызметі жақсарады.

Алайда ұнтақ  кейбір ауруларды емдейтін дәрі-дәрмектің орнын баса алмайды. Бірақ ағзаға аурудан айығуыға көмектеседі.

Мамандардың айтуынша,  жұмыртқа қабығының ұнтағын әзірлеуде тек үй тауықтарының жұмыртқасын пайдаланған жөн.

Жұмыртқадан ұнтақ әзірлеу тәсілі

Жұмыртқаны ішіндегісінен тазартып, жұқа пленкасын алып тастау керек. Қабықты жуып, 5 минуттай қайнатады. 5-6 сағат кептіріп, майдалау қажет. Ұнтақты қараңғы жерде және шыны ыдыста сақтаған дұрыс. Сондай-ақ, піскен жұмыртқа қабығынан да ұнтақ дайындауға болады.

Қолдану әдісі

7 жастан асқан балаларға күніне жарты шәй қасық ұнтақ беруге болады. Ал, 14 жастан жоғары және ересектер күніне 1-2 шәй қасық мөлшерінде қабылдау керек.

 

Интернет материалдары бойынша әзірленді 

Хабарламаларға жазылу