Ағылшын зерттеушілерінің зерттеуі бойынша өлім мен аурудың негізгі себебі дұрыс тамақтанбаудан екен. Мәліметтер бойынша, 10,8 пайыз адам дұрыс тамақтанбау салдарынан қайтыс болады. Ал, темекі шегуден 10,7 пайыз адам қайтыс болады екен.
Зерттеушілер Ұлыбританиялық тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы Еуропадағы 18 елдің арасында орташа көрсеткіштен жоғары екендігін айтады. 1990 жылы Англияда өмір сүру ұзақтығы 75,9 болса, 2013 жылы 81,3 жасқа дейін ұзарған. Сарапшылар мұны дұрыс тамақтанумен түсіндіреді. «Ұзақ өмір сүру үшін уақытылы тамақтану және жиі көкөніс тағамдарын жеу керек», - дейді ғалымдар.
Сондай-ақ, зерттеу нәтижесі бойынша артық салмақтың өлімге себептігі – 9,5 пайыз. Ал, қан қысымының көтерілуі 7,8 пайызды құрайды. Ішімдік пен нашақорлықтан әлемде 5,8 пайыз адам қайтыс болады.