Жапонияда жасы 80-нен асқан азаматтар саны 10 миллионнан асып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда жасы 80-нен асқан азаматтар саны 10 миллионнан асып кетті

21.09.2015
 Жапонияда жасы 80-нен асқан азаматтар саны 10 миллионнан асып кетті

Сондай-ақ осы мемлекеттің төрттен бірінен астамының жасы 65-тен жоғары. Жапонияның Ішкі істер және коммуникация министрлігінің мәліметтері осыған сәйкес келеді, деп жазады korrespondent.net.

Мұндай мәліметтер Жапонияда жыл сайын қыркүйек айының үшінші дүйсенбіде аталып өтетін ұлттық мереке - Қарттарға құрмет көрсету күніне орай жарияланып отырады.    

Жапондықтардың жасы 80-нен асқан азаматтарының саны 10,2 миллион адамды немесе ел тұрғындарының 7,9 пайызын құрайды. Бұл осындай статистика жүргізіле бастаған 1950 жылдардан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.   

Жапонияда жасы 75 және одан да жоғары азаматтар саны 16,4 миллион немесе мемлекет тұрғындарының 12,9 пайызы. 3,8 милион адамның жасы 65-тен жоғары. Олардың басым бөлігі немесе 19,2 миллионы әйел азаматтар. Жасы 65-тен асқан ер азаматтардың саны шамамен 14,6 миллион болады. Жасы 65-тен асқан жапондықтардың 6,8 миллионының жұмысы бар.   

Бүгінде Жапонияда жасы 100-ден асқан азаматтар саны 60 мыңды құрайды екен. Жапонияда орташа өмір сүру ұзақтығы 2014 жылы алғаш рет 80-нен асып, 80,21-ді құрады. Ал, Жапониядағы әйел азаматшалардың жас ұзақтығы 86,6 жыл.   

 

Хабарламаларға жазылу