АҚШ-тағы жанжалдың салдарынан Volkswagen акциялары 20 пайызға құлдырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тағы жанжалдың салдарынан Volkswagen акциялары 20 пайызға құлдырады

21.09.2015
АҚШ-тағы жанжалдың салдарынан Volkswagen акциялары 20 пайызға құлдырады

Volkswagen AG автомобиль құрастырушысының құнды қағаздарының құны  дүйсенбі

күні 20 пайызға құлдырады. Бұған себеп компания өкілдері АҚШ-тағы көліктердің экологиялық тазалығын  дәлелдеу үшін арнайы жүргізілетін тестілерді пайдалануда қитұрқылықтарға жол берген.   

Киев уақыты бойынша сағат 13:00-де Volkswagen акциялары құнының 19,56 пайызын жоғалтып, 130 еуроға бағаланып отыр. Reuters агенттігінің бағалауынша, құлдырау соңғы 6 жылда ең үлкен көрсеткішке жеткен. 

Қазір компанияға 18 млрд доллар көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Тіпті қылмыстық іс те қозғалуы ықтимал.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада АҚШ-тың Қоршаған ортаны қорғау агенттігі Volkswagen компаниясының  қоршаған ортаға тасталатын зиянды заттарды көрсетуде бағдарламалық тәсілдерді қолданып, көлік қауіпсіздігін қолдан ұйымдастырғандығын анықтаған болатын.  

Қазіргі таңда компанияға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр және оның соңы компанияның мыңдаған көліктерін қайта шақыртып, миллиардтаған долларға жететін айыппұлдар төлеумен аяқталуы мүмкін.    

Хабарламаларға жазылу