Жыл басынан бері, нақтырақ айтқанда 21-қыркүйекке дейін Еуропаға жете алмай Жерорта теңізінде мерт болған азаматтар саны 2 мың 870 адамға жетті.
Бұл туралы Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметтеріне жүгіне отырып ТАСС агенттігі хабарлайды.
Аталмыш ұйымның мәліметтерінше, жыл басынан бері мерт болған азаматтар саны 58-ге артқан.
БҰҰ-ның ЮНИСЕФ Балалар қорының мәліметтерінше, жыл басынан бері Еуропаға келген азаматтардың төртен бір бөлігін балалар құрап отыр.
ЮНИСЕФ өкілі Сара Кроудың айтуынша, жыл басынан бергі 7 айда 113 мың бала Еуропадан баспана сұраған. Бұл 2014 жылдың сәйкес мерзімінен 80 пайызға көп.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Грецияның Лесбос аралында мигранттар мінген қайық суға кетті.
Еуропаға ұмтылған заңсыз мигранттар мен босқындар саны 2015 жылы Екіншідүниежүзілік соғыстан кейін рекордтық көрсеткішке жетті.
Ал Еуропа Одағы босқындардың саны бойынша квоталарды бөлу мәселесін әлі талқылауда.