Бес минуттық «make-up» - «Бірге таңдаймыз» хабарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бес минуттық «make-up» - «Бірге таңдаймыз» хабарында

23.09.2015
Бес минуттық «make-up» - «Бірге таңдаймыз» хабарында

Қолөнер – қазақтың қанына сіңген қасиет. Есік алдына арналған  төсенішті дизайнерлік жолмен қолдан жасай аласыз ба? Ал, 700 еуроның әшекейін 700 теңгеге қолдан тігу жолдарын білгіңіз келе ме? Онда бүгін 13:00-де «Бірге таңдаймыз» хабарын өткізіп алмаңыз!

Фотошоппен тазалағандай тегіс бетке кім де болса қызығары хақ. Осы турасында бес  минуттық «make-up» жасау жолдары жөнінде  толыққанды ақпаратты Ұлттық арнамен бірге көріңіз.  

Сондай-ақ, хабар барысында қармақтың қалай жасалатыны туралы және ең тәтті десертті жылдам әзірлеу тәсілін біле аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу