ДДСҰ: Еуропада ең көп темекі шегетіндердің көшін Ресей бастап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ: Еуропада ең көп темекі шегетіндердің көшін Ресей бастап тұр

23.09.2015
ДДСҰ: Еуропада ең көп темекі шегетіндердің көшін Ресей бастап тұр

Ресей темекі шегу жағынан Еуропа елдерінің барлығының алдында тұр. 23-қыркүйек, яғни сәрсенбі күні еуропалықтардың денсаулық жағдайларына қатысты баяндамасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері осындай байлам жасады, деп хабарлайды korrespondent.net.

Темекі шегушілердің көптігі жағынан екінші орында Грузия, үшінші орында Греция тұр.

Ал, темекіні ең аз шегетіндер Дания, Исландия мемлекеттерінде тұрады. Германия осы тізімнің бел ортасында тұр.    

ДДСҰ-ның мәліметтері бойынша, Еуропада жалпы алғанда тұрғындардың 30 пайызы темекіге құштар.

Алайда, баяндама авторлары Еуропада темекі шегушілер санының қысқарып келе жатқандығын айтады.

Оның басты себебі темекіге тыйым салу, темекі мен оның бұйымдарының бағасының қымбаттауы, сондай-ақ темекі қорапшасына салынған жиіркенішті суреттер болып отыр.

 

Хабарламаларға жазылу