Облыс әкімі отбасы мүшелерін Мемлекет басшысы бекіткен «Мерейлі отбасым» байқауындағы жеңістерімен құттықтады.
«Орын аға, Жұлдыз апа, сіздердің шаңырақтарыңыз, ұрпақ тәрбиесіне деген көзқарастарыңыз бүкіл еліміз үшін бақтты отбасының үлгісі болып табылады. Сіздер бүгінде отбасылық өмірдің игіліктерін насихаттап келесіздер. Сіздер 12 бала, 46 немере мен 41 шөберені өз елінің жанашыр азаматы болуға тәрбиеледіңіздер. Сіздердің «Мерейлі отбасы» байқауындағы жеңістеріңіз бүкіл Маңғыстау облысының жеңісі»,-деді Алик Айдарбаев.
Сондай-ақ облыс басшысы шаңырақ иесіне «Қазақ хандығына 550 жыл» мерейтойлық белгісін табыстады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.