Кәсіпорын 2017 жылдан бастап, толық өндіріс қуатына көшетін болады. Бұл заутыт ол кезде 500-ге жуық адам жұмыс істейтін болады. Қаратау зауыты алғашқы тәулікте 50 тонна натрий цианидін шығарды.
Бағасы қымбат импортталатын өнім - көбіне алтын өндіру өнеркәсібінде қолданылатын натрий цианидін өндіру жобасының 60 пайызын «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холодингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы «Қазақстан даму банкі» АҚ қаржыландырды. Инвестициялық жобаның жалпы құны - 12,9 млрд. теңге.