«Интернетте ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі бойынша «Бірыңғай терезе» ашу жоспарлануда. Ол «Ашық үкімет» деп аталамақ. Сол «терезені» басқан әрбір адам өзін қызықтырған ақпаратын ала алады» - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.
Оның сөзіне қарағанда, "Ашық Үкімет" аясында тағы төрт портал ашылады.
«Ашық мәліметтер» сайтында мемлекеттік органдарда бар барлық ақпараттар орналасады. Осы порталда ресми статистика мәліметтері де жарияланып тұрмақ.