Оның сөзіне қарағанда, ақпаратқа қолжетімділікті арттырудың мұндай тәсілі «Ақпарттың қолжетімділігі туралы» заң жобасында қарастырылып отыр.
«Министрлердің, әкімдердің және ұлттық университет ректорларының есептік кездесулері қалыпты жағдай. Біз үшін ол маңызды болып табылады, сондықтан оны ұйымдастырудың жолдары белгіленді», - деді ол.
М. Әшімбаевтың айтуынша, аталмыш есептерді қоғамдық кеңестер ұйымдастырады. Есептік кездесулер 15 күн бұрын ресми интернет-ресурстарда xабарлануы тиіс.