Британдық студенттер ғаламторды шығаруға қанша қағаз кететінін анықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Британдық студенттер ғаламторды шығаруға қанша қағаз кететінін анықтады

26.09.2015
Британдық студенттер ғаламторды шығаруға қанша қағаз кететінін анықтады

Британдық Лестер университетінің бір топ студенті жуырда зерттеу жүргізіп, ғаламторды шығаруға қанша қағаз кететінін және сол қағазды жасауға қанша тал керек екенін анықтаған.

Алдымен, студенттер интернеттің көрнекті жерінде орналасқан, «жабық интернет» саналатын қатарға жатпайтын және онда кіру жолдары күрделі орта статистикалық веб-сайт қанша беттен тұратынын зерттеген. Мысал ретінде олар орта статистикалық ақпараттық материал көлемі А4 форматында 15 бет болатын «Википедияны» алған. «Википедияның» барлық бетін шығару үшін  71 миллион қағаз керек.

Осы ережені негізге ала отырып, ғаламтордағы шамамен 4,54  миллиард бетті (бүгінде осынша сайт «ашық») және бір талдан 8500 парақ қағаз алуға болатынын ескерген студенттер интернеттің барлық беттерін шығару үшін 8 011 765 тал және 68 100 002 500 парақ қағаз керек екенін анықтаған.

Алайда, студенттер 15 бет деген мөлшердің шамамен алынғанын ескере отырып, бұл санды екі еселендірген. Нәтижесінде, 136 миллиард парақ қағаз қажет екенін айтады.

Осы орайда, жас зерттеушілер тек ашық түрдегі интернет парақтарының пайдаланылғанын, ал «жасырын» немесе анонимді интернет есепке алынбағанын ескертеді. Әлемдік желінің жалпы деңгейінде «ашық интернет» көлемі шамамен 0,2 пайызды құрайды.

Хабарламаларға жазылу